МКҚК «Шұғыла» бөбекжай бақшасы

 

«Көңілді старт»

 ( Спорттық ойын-сауық)

 

 Рисунок1.jpg

 

«Айгөлек»  кіші тобының тәрбиешілері: Әкімгерейқызы В

                                                                              Дариябева С.А

 

 Мамыр 2024 ж

«Көңілді старт» ( спорттық ойын- сауық)

Мақсаты:

Балалардың  бойындағы  спортқа  деген  қызығушылығы мен білімін  арттыру.

Спорттағы  достық  қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу. Балалардың  денсаулығын  нығайту, қимыл-қозғалыс  мәдениетін  қалыптастыру.

Әдіс: ойын, жаттығу  жасау, секіру, жүгіру.

Жүру барысы:

Жүргізүші – Сәлеметсіздерме  құрметті  қоңақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі  өткелі  тұрған «Көңілді старт» атты  спорттық  ойын  сауығымызға  қош  келдіңіздер!

Қызықты бой жазу жаттығуы:

Әзір титтей бойымыз

 Әзір балаң ойымыз

Қиындықтан қашпаймыз

 Шынығамыз жастай біз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

 Аяқтармен топ-топ басып

 Орнымызды табамыз.

- Ендеше спорттық ойын- сауығымызды бастамас бұрын кезекте ортаға балаларды шақырайық (залға форма киген балалар кіреді), Балаларды екі топқа бөлу.

«Шымырлар» тобымен «Күштілер» тобы.

- Енді мен спорттық ойын- сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1.« Көңілді әуе шарлар » кезеңі.

2. «Шынығайық, шымыр болайық» кезеңі.

3.«Тунелмен өту» кезеңі.

4.«Ат жарыс» кезеңі .

5. «Хан талапай» кезені.

6.  «Арқан тарту» кезені.

- Сайысымызды  бастаймыз

1-ші кезең « Көңілді  әуе  шарлар » ойыны.

Ойын  шарты:

Әуе  шарларын   қолымызға  ұстап, кедергілердің  арасымен  өтіп, межені  айналып. Қайтарда  жүгіріп  келу.Ойын  әрі  қарай  жалғасады.

- Бәрекелді  балалар не деген  шапшаңсыңдар!

 

2- кезең. Келесі ойынымыз «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.

Ойын  шарты: Мына  қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей кедергі арасымен өтіп шелекке салу.

3-кезең.

Ойнайық та, ойлайықта  ойнайық. Күшімізді  көрсетейік, сынайық деп «Тунелмен өту» ойынын  ойнайық.

Ойын шарты:

Кедергі  тунель  арасымен  өту

- Жарайсыңдар балалар !

4- ші кезең. «Ат жарыс» ойыны.

Шартымен таныстырып өтейін: Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.

Ойын шарты: Балалала тәрбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді. Сол команда жеңімпаз болады. Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.

5- ші кезең. «Хан талапай» ойыны.

6- ші кезең. «Арқан тарту» ойыны.

Шартымен таныстырып өтейін: Екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның  екі   жағынан екі  бала немесе екі  топқа  бөлінген  балалар  тартысады. Қай топ арқанды  өз жағына  тартып, алып  келсе  сол топ жеңіске  жетеді. Екі бала тартысқандақай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

- Балалар сендер бүгінгі спортты қойынға белсенді ат салыстыңдар. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер.

- Осымен « Көңілді старт » атты спорттық ойын сауығымыз аяқталды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.