Тақырыбы: «Күз келді»

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күзмезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Жапырақтар,гүлдер, жеміс-жидек, жаңбыртамшылары, саңырауқұлақтар.

Кейіпкерлер:

Күз ханшайымы, қызанақ .

жүргізуші:

Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар!......... «Жұлдыз» кіші тобының «Күз келді»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып,жапырақтар сарғайып жерге

түсе бастады.Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!Ырысқа толы қоймалар,

Берекелі күз болам,Байлыққа мұртын майланар.

Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші:: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

Жүргізуші: Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де

тамаша, жақсы

көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Кап-кап,Тук-тук-тук»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендерқандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай

мерекені

тойлап жатырсыңдар? Балалар:

Алтын күз мерекесі.

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сапсары жапыраққа толы екен. Балалар Сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

Жүргізуші:: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, бибилеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына

өз өнерімізді көрсетейік.

тақпақ

Медина;

Алақай»! Алақай!

Шаттанды балақай!

Адина;

Күз түсті,дән пісті.

Зере:

Жапырақ ,ұшты

Суық та түсті.

Абдулла:

Жайдарлы күз,жомарт күз

Аяулы күз,алтын күз

Жүргізуші:: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер. Қараңдаршы балалар,мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар:

Мынау алма, алмұрт ,бұл қызанақ, міне қияр, екен.

Алтын күз ханшайымы,балалар мен сіздерге бір жұмбақ жасырамын. Соңы шешіп жауабын айтайық.

Сырты жылтыр,бұдыр жоқ. Іші шырын

Қызыл доп (қызанақ)

Қонаққа бізге қызанақ келіпті.

Қып-қызыл қызанақ мен болам,

Бәріменде тең болам.

Майонез жағып тұз қоссаң

Балдай дәмді мен болам.

«жеміс жидек » ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Жеміс-жидектерді дәм арқылы табу.

Жүргізуші: Алтын күз бен қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Көкіністер»

Ойын «Күн мен жаңбыр»

Би: «жапырақ» ұлдар

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане,шеңбер құрайық

Билеп-билеп алайық

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық

Күз ханшайымы:

Ал балалар енді орамалды ашайық,

Астында не,қарайық.

Әрине бұл алма. Балалар бұл күздің сыйы ,байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар ,балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады,жапырақтар сары болады.

жүргізуші:: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жергетүседі,адамдар қалың киініп жылы жүреді.Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көпекен.Олар үлкен боп өсіп келеді.

жүргізуші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады

.Алтын күз мерекесін бізбенбірге тойлағандарыңызға рахмет.Сау болыңыз!

жүргізуші: Күз кереметі атты ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға көп рахмет.Сау болыңыздар!

09 1