"Шұғыла" бөбекжайында 1 желтоқсан күні "Қауіпсіз терезе" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста директор Тулешова Бала қауіпсіздігіне байланыста көптеген деректерді атап айтты .Әдіскер Карасаева З.Б. "Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды " тақырыбында баяндама жасады.Тәрбиеші-лер : Ищанова мен Андрущенко "Мысықтың үйі" ертегісінен ата-аналармен қойылым көрсетсе, тәрбиешілер: Дуйсембина мен Кусмагамбетовалар тұрмыстағы қауіпті заттар атаулары туралы викторина ойнатып ,тәрбиеші лер: Назарова мен Дариябаевалар додекаэдр "қауіпсіздік ережелері" ( сұрақ-жауап) ойынын жүргізді.
Жиналысты қорытындылай келе ата - аналар мен бөбекжай педагогтары балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, балаға өзіміз үлгі болып қауіпсіздік ережелерін үнемі үйретіп жүргенде ғана бала өмірі оқыс оқиғалардан аулақ болатынына септігі тиетін айтып тарқасты.Бөбекжай ұжымы жиналысқа қатысқан ата-аналарға алғыс білдірді.