Қобда ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі бөлімінің«Мектепке дейінгі білім беру : «Тиімді басқарудың теория мен практикасы» тақырыбындағы семинар-практикумы «Шұғыла»бөбекжай-бақшасының негізінде өткізілді.Семинар-практикумды аудандық білім бөлімінің әдіскері А.С. Мусина жүргізді. Семинар –практикумға ауданның мектепке дейінгі 16 мекемесінен директорлар мен әдіскерлері қатысты. Семинар –практикумда мектепке дейінгі мекемелердегі«Мемлекеттік қызмет көрсету » бойынша «Шұғыла»бөбекжай-бақшасының директоры Тулешова Г.Д. мемлекеттік қызмет барысында атқарылатын жұмыстар мен құжаттар туралы айтты.
Сонымен қатар мектепке дейініг ұйымдардың қызметін жылдық жоспарлау туралы осы бөбекжайдың әдіскері Карасаева З.Б.айтып, жылдық жоспардың әрбір бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып,түсінік беріп, слайд көрсетті. Семинар –практикум барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әрбір қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, кеңесті. Семинар соңында мектепке дейінгі білім берудің қызметін ұйымдастыруда Оқу-ағарту министрлігінің бағдарламалары ,әдістемелік ұсынынымдары мен негізгі құжаттарындағы белгіленген міндеттерді басты назарда ұстау айтылды.