«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла «бөбекжай-бақшасы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі

sad

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:

1) Мекеменің атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұғыла «бөбекжай-бақшасы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі

Пайдалануға берілген жылы: 2011 жылы «12» қыркүйек  айында Қобда аудандық әкімдігінің шешімімен құрылды. Сыйымдылығы    130    орын.

2)Білім беру ұйымының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,031000,Ақтөбе  облысы,Қобда  ауданы,Қобда ауылы, Астана көшесі , 54 ғимарат.

3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 871 341 21-2-39 ,

электронды поштасы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.;

Жеке ұялы телефоны :87054958453

4) Заңды тұлға өкілінің тағайындалу деректері: Тулешова Гульнур Даулеткалиевна,2021жылы 05 қаңтар №15-ж бұйрықпен қайта  тағайындалған.

5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Қобда аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі 12.01.2021 жылы берілген,Құрылтайшылар (қатысушылар): «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі. БСН-010140002318, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 24.01.2001жыл.

6) Рұқсат беру құжаттары:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2021 жылғы 27 қаңтардағы №KZ85RVK00029415 хабарлама берілген

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:

Білім беру ұйымының білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес «Шұғыла» бөбекжай-бақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

Бөбекжай-бақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды.  Барлығы жеті топ бар( «Айгөлек», «Балапан», «Солнышко» ; «Құлыншақ», «Пчелка», «Жұлдыз», «Қарлығаш»). 1-3 жас аралығындағы балалар қабылданады. Оның : 3-уі ерте жас ,1-2 жастағылар(оның 1-уі орыс ерте жас тобы, 2-уі қазақ ерте жас тобы);4-уі кіші 2-3 жастағы топтар(оның : 3-уі қазақ; 1-уі орыс кіші топ ) Күн тәртібі бойынша балалар 3 мезгіл тамақтандырылады.Мекемеге балалардың келуі бекітілген жұмыс тәртібі бойынша таңғы сағат 8-00 ден, кешкі сағат 18 30 жүргізіледі. Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерінің ішінде аталған әлеуметтік көмек алатын оның ішінде : Әлеуметтік тұрмыс жағдайлары төмен, көп балалы отбасының балалары да қабылданып,жергілікті бюджеттен 70% төленіп, өз қаражаттарынан 30 %; жеңілдікті иеленуде. Тәрбиеленушілер мемлекеттік , орыс  тілдерінде тәрбиеленуде.

Бөбекжай-бақшаның  әдіскер: Карасаева Замзагул Бокаевна – ұялы   телефоны : 87026654407. электронды   поштасы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.;

View the embedded image gallery online at:
https://shugyla-khobda.edu.kz/ru/ob-organizatsii#sigProId723b7d68a0


МКҚК «Шұғыла» бөбекжай- бақшасының тарихы

 

Қобда ауданының орталығында , аудандық   білім бөлімінің басшысы Жүсібалиев Казихан Мұхамедиярұлының қолдауымен «Шұғыла» балабақшасы 1991 жылы  5 шілдеде   екі қабатты  жаңадан салынған зәулім ғимаратта бой көтерді, басшылыққа   жоғары білімді  Піралиева Асия болды.  Алғашқы жылдары балабақшада 27 адам қызмет жасады. Кейінен 1998 ж. күзде тоқырау кезеңі басталып, «Шұғыла» балабақшасы жабылып қалды.

Аудан орталығында 1991 жылда Аудандық білім бөлімінің жоғарыда аталған басшысы ол кезде ауданымызда  сонау Кеңес кезінен бері «Тополек»; «Солнышко» деп аталатын екі таза орыс балабақшасы жұмыс жасап тұрған болатын, осы аталған балабақшаларда көптеген қаракөз  бүлдіршіндеріміз орысша тәлім – тәрбие алатын еді.  «Солнышко» балабақша меңгерушісі Кряжева Любовь Дмитреевна болатын, осы уақытта  балабақшаның 4орыс тобының біреуін 3-4 жас аралығындағы бүлдіршіндерді жинақтап ауданымызды алғашқы қазақша топ ашылды. Бұл топқа тәрбиешілік қызметке  Саурбаева З.Б.(қазіргі «Шұғыла» бөбекжайының әдіскері Карасаева З.Б.) қабылданды. 1992 жылдың жазында осы балабақша атауы қазақша  «Раушан»  болып өзгертіліп, 2 қазақ, 2 орыс топтары бар аралас тілдегі балабақша болды.Меңгерушілікке«Тополек » балабақшасының  меңгерушісі Толыбаева Нұрия Калиевна келді.Толыбаева Н. К. 6 қаңтарда 1950 жылы   Ақтөбе обл.,Шалқар ауданы, Шахты поселкасында дүниеге келген. 1968-1972 жылдар аралығында  Ақтөбе педагогикалық  институтын тәмамдаған . Осы уақыттарда Новоалексеевка №1 «Тополек» бөбекжайында әдіскер болып, кейінен 1991 жылдан бастап № 2 «Солнышко» кейінен «Раушан», «Шұғыла» бөбекжайы болып атаулары өзгертілген бөбекжайда 2000 жылға дейін меңгерушілік қызметті абыроймен атқарған. 1993 жылы ҚР «Ағарту ісінің үздігі»атағын  алған.

 Кейіннен 1998 жылы бұл балабақшада тоқырау кезеңінде  жабылып, таратылды. 2002 жылдың күзіне дейін ауданымызда  ешбір балабақша жұмыс жасамады. Кейінен  А.Иманов көшесіндегі «Раушан» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізіліп,2002 жылдың 22 Қазанында, ол кезде ресми түрде тойланатын Республика күні (25 Қазан күні) қарсаңында  аудандық  әкімияттың қолдауымен «Шұғыла» балабақшасы, бұрынғы «Раушан» балабақшасының ғимаратынан  салтанатты түрде аудан басшылары қатысуымен  ашылған болатын.  Ол кезде меңгерушілікке  1984 жылы Ақтөбе пединституттын "Мектепке дейінгі мекеменің әдіскері, аға тәрбиешісі" мамандығы бойынша бітірген,жоғары білімді Жакупова Гүлнәр Сәлімқызы отырып, осы бөбекжайды 2014 ж дейін басқарды, Жакупова Г.С. Ново - Алексеевка кентінде 1962 жылы 1 қаңтарда Қорғанбаевтар  педагогтар  отбасында  дүниеге келген.  Меңгерушілікке дейін 1988 ж. «Калинин» колхозындағы "Айгөлек" балабақшасында тәрбиеші ,1990 ж. Аудан орталығындағы "Тополек" балабақшасында тәрбиеші  болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта Қобда көпсалалы колледжінде қызметте. Бөбекжайдың әдіскер қызметінде 2002-2005ж. дейін Жұмашева Шара Қайыржанқызы жұмыс жасады. 2013 жылы балабақша атауы «Шұғыла»балабақшасы Қобда аудандық білім бөлімі, «Мемлекеттік мекемесінің (ММ) «Шұғыла» бөбекжайы»  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық   кәсіпорыны (МКҚК); кейін 2018ж. «Қобда ауданының Қобда ауылдық округі әкімінің аппараты ММ«Шұғыла бөбекжайы»МКҚК болып өзгертіліп, 2021 жылы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда аудандық білім бөлімі ММ«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» МКҚК болды. Ұзақ жылдар ән жетекші қызметін атқарған Вейсгейм Н.Б.2014-2018 жылдар аралығында бөбекжай директорлық міндетінде болды. Вейсгейм Наталья Борисовна 1959 жылы 21 қарашада Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ново – Алексеевка кентінде дүниеге келген. 1975 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесінің музыкалық бөліміне оқуға түседі. Оны бітірген соң 1979 жылы Қобда ауданының "Тополек" балабақшасына (әрі қарай "Шұғыла") музыка жетекші лауазымына жіберіліп, онда 40 жылға жуық қызмет атқарды. 2014 жылы "Шұғыла "бөбекжайының директоры болып тағайындалды. 2016 жылы зейнетке шықты.

 2018жылдан қазірге дейін Тулешова Гүлнұр Даулетқалиқызы директор міндетін  абыроймен атқарып келеді. Тулешова Г.Д. Қобда ауданы , Жиренкопа аулында 1975 ж. 22 мамырда қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1991ж.-2000ж. Алексеевка колхозының,Қарағанды бастауыш орталау мектебінде тәрбиеші ,бастауыш класс мұғалімі ,оқу ісінің меңгерушісі,2001ж. аудандық Оқушылар үйінде үйірме жетекшісі,2002-2012ж аралығында мектеп- интернатта тәрбиеші ,2012ж.-2018ж.аралығында «Шұғыла» бөбекжайында тәрбиешілік қызметте болды. Осы бөбекжай әдіскері  болып Карасаева Замзагүл Боқайқызы 2005 жылдың қыркүйегінен бастап қазір де қызмет етуде. Карасаева З.Б. 1989-1991ж.дейін Қобда қазақ орта мектебінде «Аға пионер жетекші», 1991-1998ж.ж. «Раушан» бала-бақшасында тәрбиешілік қызметте болған. «Шұғыла» бөбекжайында  40 жылғы МДҰ  еңбек өтілімімен зейнеткерлікке шыққан ардагер педагог,тәрбиешілер: Курганбаева  Зәуреш Сәлімқызы Ново- Алексеевка кентінде 1956 жылы 15 мамырда Қорғанбаевтар педагогтар отбасында  дүниеге келген. ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері атағын алған; 2009 ж. Облыстық  білім басқармасының «МДҰ облыстық үздік педагогы» атағы, облыс әкімінің 120 мың теңге грантының иегері.2013 жылы зейнеткерлікке шығып, ардагер қатарында. Танатарова Алла Хусаиновна 1956 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ново –Алексеевка кентінде дүниеге келген. 1973 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесіне Бастауыш сынып мұғалімі (сырттай бөлім) оқуға түсті. 1973 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып 2 жыл Ново – Алексеевка орыс орта мектебінде жұмыс істеді,кейін "Тополек" балабақшасына тәрбиеші болып ауыстырылды (бұдан әрі "Шұғыла"), онда 42 жыл жұмыс істеді. 2009 ж. Облыстық  білім басқармасының «МДҰ облыстық үздік педагогы» атағы, облыс әкімінің 120 мың теңге грантының иегері.  Еңбек еткен жылдарында облыс, аудан әкімінің; білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған. 2014 жылы зейнеткерлікке шықты,қазіргі кезде аудандық Мәдениет үйінің жанындағы «Сударушки» әжелер ансамбльінің белсенді мүшесі.

Қазіргі  уақытта  бөбекжайда  алды 30 жылдан астам  әдіскер - Карасаева З.Б.;тәрбиешілер:ТынымгерееваШ.Д.;БондаренкоГ.Н.;ОбуховаА.Б.; Дариябаева С.А.; Алекешеева А.М.,  орта буында : Сопакова А.Қ.; Чанчарова Б.Б.; Сарбасова А.А.  жастар құрамында :  Назарова Н.С.; Дуйсембина Г.М.; Курмамбаева А.А.; Кусмагамбетова У.Р.   Андрущенко А.Ф.;Әкімгерейқызы В.; Жантекей А.Х. психолог -Койбагарова Т.В.; медбике – Фурсенко Л.В.; дәмбике – Уразалина  Г.М. еңбек етуде. Қазіргі кезде «Шұғыла» бөбекжай-бақшасында  барлығы: 42 адам, оның  ішінде: 17 педагог; 1- әдіскер; 1- психолог; 1- ән жетекші;1- медбике;1- дәмбике жұмыс жасауда.

View the embedded image gallery online at:
https://shugyla-khobda.edu.kz/ru/ob-organizatsii#sigProIdc90eb35af6

Жетістіктері :

1991-1998  жылдарда аудандағы «Раушан»; «Шұғыла»балабақшасының  меңгерушілері: Толыбаева Н.К.; Піралиева А.   ұйымдастыруымен   жас ұрпағымызды  ұлттық салт – дәстүрде тәрбиелеу мақсатында түрлі семинарлар , дөңгелек үстелдер мен конференциялар, байқаулар, сайыстар  жиі- жиі өткізіліп отырды. 2000-2014 ж.ж.Жакупова Г.С. басқарған аралықтарда, 2005-2006 оқу жылдарында  Ақтөбе кадрлар біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген  ғылыми семинарда әдіскер Карасаева Замзагул Боқайқызы «Мадақтама»,  Облыстық  «Заманауи  балабақша  үлгісі»  макетін жасау сайысында  3 – орын.

2006 ж.Аудандық «Үздік әдіскер-2006 ж.»сайысында  әдіскер Карасаева З.Б. I-орын;

2009-2010 оқу жылдарында облыстықбілім басқармасы мен облыс әкімінің 120 мың теңгенің гранты ұтып алып, «Облыстық Үздік тәрбиеші» атағын  иеленген тәрбиешілер: Танатарова Алла Хусайновна, Дариябаева Светлана Абилхановналар болды.

2013-2020 жылдары облыстық  білім бөлімі мен кәсіподақ  ұйымынан атынан тәрбиешілер: Тынымгереева Ш.Д., Сарбасова А.А., Обухова А.Б.,әдіскер: Карасаева З.Б.; директорлар: Вейсгейм Н.Б.;Тулешова Г.Д. «»Мадақтама»; «Құрмет грамотасы»иеленді; «Алғыс» хаттарға иеленді.

2015жылы Республикалық әдіскерлер сайысынан әдіскер Карасаева З.Б. Диплом 2 – орын;

2015жылы Республикалық психологтар сайысынан психолог Койбагарова Т.В.  Диплом 2- орын ;

2015-2021 ж.ж. аралықтарында бөбекжай тәрбиешілері Интернет желісіндегі ҚР БЖҒМ сайтындағы ұйымдастырылып өткізілетін түрлі олимпиадалар мен сайыстар , байқауларға қатысып  Бас Жүлде, I;II; III- орындарға ие болған Мадақтама , Алғыс хат, Дипломдар алып,сертификаттар иеленуде .

2020 ж. директор: Тулешова  Г.Д.  ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Алғыс  хат»; Аудандық  «Педагогикалық идеялар-2020»  байқауынан  3  - орын;

2019-2020 оқу жылдарында МКҚК «Шұғыла» бөбекжай- бақшасының  тәрбиешісі Кусмагамбетова Улпан Рамазановна аудандық, облыстық «Үздік тәрибеші -2019 ж »сайысында Бас Жүлдені жеңіп алып «Құрмет грамотасы»,  бағалы сыйлық пен шипажайға тегін жолдама алды;

2020-2021 оқу жылында  «Жас маман-2021ж»  аудандық сайыста жас тәрбиеші: Әкімгерейқызы  Венера  I-орынды иеленіп Диплом, бағалы сыйлыққа ие болды.