Игры с мячом способствуют развитию речи ребенка.

Движения пальцев и кистей влияют на развитие функций мозга ребенка. Чем больше разных движений он выполняет, тем больше «двигательных сигналов» поступает в мозг.

 «Шұғыла»бөбекжай -бақшасында  тамыздың 31 күні  «2023-2024 оқу жылына дайындық» тақырыбында  педагогикалық кеңес өткізілді.

Балалармен ұйымдастырылып өткізілген жазғы іс-шаралар . Тәрбиеші : Сопакова А.Қ.

18.07.23 1

22.06.23 1

"Шұғыла" бөбекжайында 2022-2023 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өткізіліп ,онда оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, жаңа бағдарламаны меңгертуде бөбектерімізге тиімді заттық- кеңістіктік дамытушы ортада баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды толықтыру жайында ұсыныстар айтылып,пікірлесті.Жыл бойы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеткен жетістіктеріне баға беріліп, сонымен қатар ата-аналармен бірлескен жұмыстардың нәтижесі де есептелінді. Бөбекжай бойынша "Үздік тәрбиеші" атағы "Пчелка" тобының тәрбиешісі Бондаренко Галина Николаевнаға берілді . Жазғы сауықтыру мен шынықтыру шараларының жұмыс жоспары жасалынып ,ұсыныс-тар енгізіліп ,бекітуге ұсынылды.Пед кеңес соңы педагогтарға арналған психологиялық тренингпен аяқталды.

Бөбекжайда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арнап тәрбиешілеріміз Алекешеева мен Тынымгереевалар бөбектеріміздің бойына патриоттық сезімді ұялату мен еліміздің рәміздерін сүюге баулу мақсатында іс- шара өткізді .Рәміздердің әрқайсысына жекелей тоқталып қысқаша түсінік берілді.

Осы айтулы мерекемен баршаңызды құттықтаймыз . Еліміз тыныш болып ,ашық аспан аясында қыран бүркітіміз қалықтап, көк туымыз желбіреп,әнұра-нымыз шырқалып Жаңа Қазақстанымыздың жетістігі көп болсын деген тілек айтамыз.

Біздің бөбекжайымызға аудандық " Белсенді Әжелер"орталығы-ның әжелері келіп екі тілде "Шалқан" ,"Шұбар тауық " ертегілерін дайындап әкеліп бөбектерімізді бір қуантып тастады .Қойылым соңында бөбектерге әжелер тәтті сыйлықтарын ұлестірді. Орталықта тек қана өздерінің жағдайын ойлап қана қоймай ,бала тәрбиесіне де көңіл бөлетін әжелерімізге зор денсаулық,отбас тарына амандық тілейміз.

Бөбекжайымызда «Әке -Отбасының тірегі» сайысын ұйымдастырып өткіздік .Бұл іс-шараның мақсаты отбасындағы әкенің ролін арттыру ,бөбекжай-мен отбасы арасындағы қарым-қатынастықты жетілдіру ,бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды ойнатуды қолға алуды дамыту болатын .Аталған сайысқа әр топтан 7 Әке қатысты ,олар 7-кезеңнен тұратын ұлттық ойындар , сұрақ-жауаптардан бақтарын сынасты . Сайысты қорытындылай келе әділқазылар алқасы әрқайсына номинация бойынша"Білімді әке","Тапқыр Әке" ,"Өнерлі әке", "Шапшаң әке"," Күші көп әке"атақтарына лайықтап Алғыс хатпен мен естелік сыйлық табысталды . Сайысқа қатысқан әкелер мен ұйымдастырып өткізген тәрбиеші Кусмагамбетова У.Р. алғыс білдіреміз .

1 Маусым Балаларды қорғау күніне орай "Біз бақытты баламыз" мерекелік ертеңгілігін тәрбиешілер Чанчарова , Сопаковалар өз деңгейінде ұйымдастырып өткізді . Ертеңгілік барысында бөбектер түрлі қызықты ойындар ойнап, жаттаған тақпақтарын айтып, мерекелік ән тыңдады .Осы шарада бөбектерімізге бөбекжай атынан жеміс шырыны сыйға берілді.

"Шұғыла" бөбекжайында 15мамыр "Халықаралық Отбасы күні"мерекесіне орай ата-аналар арасында спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылып өткізілді.Сайысқа қатысушылар "Найзағай", "Жұлдыз" атауымен екі топта 6кезеңнен тұратын көңілді спорттық ойындар ойнап бақтарын сынасты.Әділқазылар эстафетаны қортындылай келе нәтижесінде "Жұлдыз"тобы 1ұпаймен алға шықты,дегенмен өзара достық ретінде келісімге келе отырып сайысқа қатысқан: Курманиязовтар, Абыловтар ,Әбдікәрімовтар, Ерғалиевтар, Мендіғуловтар отбасына ұйымдастырушылар тәрбиеші Андрущенко А.Ф., психолог Койбагарова Т.В. дайындаған естелік сыйлықтар мен  марапаттаулар табысталды. Алтын уақыттарын бөліп келген ата-аналарға әкімшілік атынан алғыс айтылды.

@_kobdaroo

@qobda_bilim_bolimi