1 Мамыр мерекесіне орай біздің бөбекжайда "Бір шаңырақ астында" мерекелік қойылым өткізілді . Қазақ жерінде тұратын ынтымағы жарасқан барлық ұлт өкілдерін мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық , елімізде тыныш өмір болсын деп тілейміз.

"Шұғыла" бөбекжай бақшасында " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске" байланысты 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспарында белгіленген " Жемқорлыққа қарсымыз !" тақырыбында ата- аналардың арасында сурет көрмесі әр тоқсан сайын ұйымдастырылып өтуде . Бүгінгі қоғамдағы белең алған жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенді іс- қимыл жасауға дайын келешек тұлғаны тәрбиелеуге өз үлестерін қосқан ата-аналарымызға зор алғысымызды білдіреміз.

" Кітапханаға саяхат" - Өткізген "Балапан" кіші тобының тәрбиешісі Назарова Нургуль Сарсенбаевна

Қобда аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «Шұғыла» бөбекжай- бақшасы МКҚК 19 сәуір күні "Қарым-қатынасты түзетуді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру" тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың психологтарына арналған семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді. Осы семинарда бөбекжай психологы Койбагарова Татьяна Викторовна өз іс- тәжірибесін жан-жақты көрсетті.Семинар соңында қатысушы психологтар өз қоржындарына көптеген қажеттіліктерді жинап алғандықтарын,семинар «өте жақсы» деңгейде ұйымдастырылып өткізілгенін айтып көңілді күйде тарқасты.

05.04.23 22 05.04.23 22 05.04.23 22

05.04.23 11 05.04.23 11 05.04.23 11

28.03.23 1